«Магистр» болғың келе ме? Мақсат МҰХАМЕТЖАНОВ
Мақсат Семей қаласында тұрады. Сатираға әуес. Сіздерге тарту ретінде Мақсаттың сатирасын ұсынамын.
Біздің дәлдүріш қызық өзі. Көксу ауылындағы орталау мектепті 1 ден жоғары 3 тен төмен бағамен әрең бітірген болатын. Қалаға барып емтихан тапсырып көріп еді… Екі аяғы көктен келді. Даңғарадай кең аудиторияға кіріп тест тапсырды. Жанында отырған шикіл сары Мақтанбай деген грантқа үміткердің де ынта-ықыласы шамалы. Ол Дәлдүріштің жанына отыра бере көмек сұрады. Дәлдүріштің білгенінен білмейтіні көп. Есепке басы қатып отырып, тарих пәнінің сұрақтарын бір сүзіп шығайын деп сұрақ кітапшасын ашып еді «Абылай ханның неше тісі болған?» деген сұрақ келді. Арт жағында отырған қыздан сұрады. Ол білмейтінін айтты. Осылайша екеуі де наугат жазып шықты-ау әйтеуір. Ақыры Дәлдүріш түспей, оқуға Мақтанбай түсті. Қазір Мақтанекең білдей бір институттың студенті. Әкесі білдей бір компанияның басшысы. Түспей қайтсін?! Қазір қолында ақшасы барлар жаннан басқасының бәрін сатып алатын болды ғой…
Сөйтіп, Дәлдүріш жігіт бір жыл ауылда Мурка деген бизнесмен ағасының қойын бақты. Қойларды кешке қарай қорға қамаған кезде братаны: «Қорықпа, бауырым келесі жылы грантты сатып аламыз...».
Осылайша бір жыл сынаптай зыр етіп өтті де шықты. Оқудың барлық емтиханын ақшамен жапқан Дәлдекең бакалавриаттың төрт жылын есінеп жүріп өткізді. Қазір қолында табақтай қызыл диплом. «Дипломмен – ауылға» барайын десе, ауылдағыларға көрінгісі жоқ. Ақыры, ойланып толғанып магистратураға құжат тапсырғанды жөн көрді. Сөйтіп, күндердің күнінде магистратураға құжат тапсыру қашан екенін біле салайын деп ӘЛГІ университеттің корпусына кірсе сабылған халықты көрді. Қабылдау комиссиясына барып еді, ол деканға жұмсады. Дәлдүріш зырыл қағып деканның кабинетіне бас сұқты. «Аға, бола ма?»
– Кел, кір.
– Сіздердің факультеттеріңізде магистратура оқиын деп ем…
– Аааа. Бізге ме?… Бізге түсу дегенің қиын ғой… Тәк, ақша бар ма?
– Бар ғой… Грантқа тапсырып көрсем деп ем, ақылмен… тегін дегендей…
– Е, онда жолың болмайды…
– Биыл мен жаңадан кеп жатырмын, мына тәртібі жоқ факультетке… бұл жерде бәрі тегін түсіп жаман үйреніп алған, биыл мұндай жалпақшешейлікке жол бермейін деп отырмын… Өйткені, бұл факультеттің студенттері алдындағы тәп-тәуір деканын да зар еңіретіп, құрдымға кетірген. Көрсетем мен бұларға… деп декан әңгімені доғарды.
Ақыр аяғында Дәлдүріш Қаражатов емтиханнан 100 деген балла алып магистр атанды. Қазір шырт түкіріп Қағазстанның ең первыйсортты ВУЗында білім алады. Декан оған арнайы диссертация тақырыбын жүктеді. Тақырып: «Жемқорлықты қалай жоюға болады?». Осыны жазып бітсе Америкаға жолдама алмақшы.
Семей. 2010
Әрі қарай